10
июнь
2026
Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 116 жыл толуына орай ауқымды іс-шара
Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 116 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жас ұрпаққа батырдың өмір жолын, ерлікке толы өнегесін насихаттап, ұлттық рух пен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.
Мерейтойлық шаралар «Ар намысты арқалаған рухты батыр – Бауыржан» атты салтанатты саптық жиынмен басталды. Жиын барысында батырдың өмірі мен ерлік жолы насихатталып, оқушылар патриоттық рухтағы өлеңдер оқып, әсерлі қойылымдар көрсетті.
Мектеп қабырғасында «Батырдың бейнесі – ұрпақ шығармашылығында» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, оқушылардың суреттері, қолөнер бұйымдары мен шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Әжем айтқан асыл сөз» даналық мектебінде ұлттық тәрбие, үлкенді құрметтеу және батырдың тағылымды нақылдары кеңінен насихатталды.
Іс-шара аясында аудан көлемінен келген қонақтардың қатысуымен «Бауыржан Момышұлының ерлік жолы және оны ұрпаққа насихаттау», «Бауыржан Момышұлы шығармаларының көркемдік әлемі» тақырыптарында ғылыми жобалардың таныстырылымдары өтті. Жас зерттеушілер өз жұмыстарын қорғап, батыр мұрасын жаңаша қырынан танытты.
Оқушылар үшін «Ұлт рухын көтерген ұлы батыр» тақырыбында ерлік сабағы өткізілсе, «Ерлік рухы біліммен жалғасады» атты зияткерлік сайыс жастардың білімін шыңдап, тарихи танымын кеңейтті. Сондай-ақ «Бауыржан Момышұлы – ұлт рухын ұрпаққа ұластырған жазушы» тақырыбындағы танымдық сабақта батырдың әдеби мұрасы мен тәрбиелік мәні жоғары шығармалары кеңінен талқыланды.
Мерейтойлық бағдарламаның шарықтау шегі ретінде «Ар намысты арқалаған рухты батыр – Бауыржан» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылып, батыр тұлғасына арналған әндер шырқалып, көркем қойылымдар сахналанды. Мерекелік бағдарламаның маңызды оқиғаларының бірі – мектеп қабырғасынан халық қаһарманына арналған мұражай кабинетінің ашылуы. Мұражайда Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи деректер, фотосуреттер мен танымдық материалдар жинақталып, келушілер назарына ұсынылды.
Іс-шараларға аудан көлемінен келген құрметті қонақтар қатысып, батыр тұлғасының тарихи маңызы мен тағылымды мұрасы туралы мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
Ұлт мақтанышына айналған батыр бабамыздың өмірі мен мұрасын насихаттауға бағытталған бұл шаралар оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық қасиеттерін нығайтуға зор ықпал етті.