08
апрель
2021
Ерлікпен қаза тапқандар мәңгі есте
Ерлікпен қаза тапқандар мәңгі есте
1995 жылы 7 сәуір күні тәжік-ауған шекарасында локальді соғыста Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Жауынгерлік қақтығыс барысында 17 жауынгер қаза тапты, 33-і жарақат алды.
Осыған орай акция шеңберінде Гвардейск гарнизонының Әскери прокуроры әділет майоры Алмас Айдар, ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік Әскери тергеу басқармасының Гвардия бөлімінің бастығы әділет полковнигі Талғат Жайықов, Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Талған Оразалиев және тәжік-ауған қақтығысының ардагерлері мен Қаһарман ұрпақ қоғамдық қоры мүшелері Гвардейск гарнизонының №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің аумағына тәжік-ауған қақтығысының шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне арнап 17 дана шырша отырғызды.
- 1995 жылы 7 сәуірде Пшихавр шатқалында тәжік-ауған шекарасында біздің Қазақстан Республикасының 17 сарбазы қақтығысқа ұрынып қаза болды. Ұлттық ұланның сарбаздары үлкен ерлік көрсетті. Сол ерлікке тағзым етіп, Гвардейск қалашығының №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің аумағына тал отырғызу рәсімін өткіздік. Ел есінде сол азаматтарымыздың ерліктері. Тірі адам тіршілігін жасағанда сол ер азаматтарымыздың өткен күндегі жасаған ерліктеріне осындай тағзыммен өткізіп жатырмыз, - деді Қаһарман ұрпақ қоғамдық қорының директоры – тәжік-ауған қақтығысының ардагері Арман Арынханов.
Тәжік ардагерлеріне бас иеміз
Елдің қорғап іргесін
Оққа тосып кеудесін
Ми қайнатар ыстықта
Әскери борыш өтедің
Бақилық болып он жетің
Қыршын болып кеткенің
Жәннәтта болсын жандарың
Қызығын өмір көрмедің
Тыныш болсын еліміз
Сөгілмесін іргеміз
Амандықта күн кешіп
Нұрын шашсын күніміз
Қаруластар жиналып
Қинала өткен еске алып
Ұрпаққа үлгі істері
Азаматтыққа тұрарлық