20
февраль
2020
"Ауған-от жалыны"
Мектебімізде ақпан айының 20 жұлдызында "Ауған соғысы ардагерлеріне" арналған "Ауған - от жалыны атты" іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауған және тәжік соғысының ардагерлері шақырылды. Іс-шара барысында ардагерлерімізбен бірге мектеп оқушылары мемориалды тақтаға гүл-шоқтарын қойды. 7-8 сыныптар арасында қонақтарымызға арналған ашық сынып сағаттары өткізілді, сабақ соңында мектебіміздің акт залында іс-шара көрініс, ән-би, әсерлі әңгімемен жалғастырылды. Оқушылар Ауған соғысы жайлы ардагер ағалармен ашық әңгімелесті. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ететін іс-шарамыз жыл сайын жалғасын таппақ.


