Әскери-патриоттық тәрбие – Отаншылдық кепілі » СШ №43 им. Б.Момышұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"№43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Директор:
+7 (701) 906-21-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әскери-патриоттық тәрбие – Отаншылдық кепілі
02
апрель
2021

Әскери-патриоттық тәрбие – Отаншылдық кепілі

Гвардейск гарнизонының 75263 әскери бөлімінде «Бауыржан ұландары» әскери-патриоттық клубы «Алау» әскери-спорттық ойындарына дайындалуда.

Әскери-патриоттық клубтың құрамы – Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушыларынан жинақталған. Ойынның ережесіне сәйкес 9 қатысушыдан тұратын командаға 7 ұл және 2 қыз іріктелді.

«Алау» әскери-спорттық ойындары жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Жуырда Қордай ауданы орталығында өткен ойынның іріктеу кезеңі онлайн түрінде өткізілді. Жарыстың бұл кезеңінде «Бауыржан Ұландары» командасы үздік ойын көрсетіп, бас жүлдеге қол жеткізіп, жеңімпаз атанды. Осылайша, Тараз қаласында өтетін облыстық байқауға жолдама алды.

Әскери-патриоттық клубтың жұмысын әрі қарай жандандыру мақсатында аталған мектепте іс-шара өтті. Шара барысында «Бауыржан Ұландары» командасының жарысқа дайындықтары бейнеролик ретінде көрсетілді. 

Сондай-ақ, мектеп директоры Гүлбану Абдуллина әскери бөлім басшылығына алғыс білдіріп, алдағы облыстық жарыста да әскери-патриоттық клуб мүшелері жеңімпаз атанатынына сенім білдірді.

- Бауыржан Ұландары командасы 75263 әскери бөлімінде белсене дайындалды. Мектеп арасындағы «Алау» әскери-спорттық ойын жарыстары бойынша аудандық жарыста «Бауыржан Ұландары» командасы жеңіске жетті. Алдағы облыстық сайыста да әскери-патриоттық клубтың өрендеріне сәттілік пен жеңіс тілеймін, - деді подполковник Жандос Әділбаев.

- Біз, Қордай ауданында аудандық жарыста бас жүлдеге ие болдық. Бір ай бойы дайындалып осы жетістікке жеткенімізге аса қуаныштымын Осы орайда, 75263 әскери бөліміне шын жүректен алғысымды айтамын. Әсіресе бізге әскери саппен жүруді, қарумен атуды және автоматтың бөлшектерін шашып-жинауды үйреткен әскери қызметшілерге алғысымыз шексіз, - деді «Бауыржан Ұландары» командасының мүшесі Арина Төребек.

                                                                                                     Гвардейск гарнизоны 

баспасөз қызметінің бастығы 

майор Жомарт Тажиханов
Мекен жайымыз
Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округі, Гвардейский кенті, көшесі Заңғар, ғимарат 8Б, пошталық индексі 080409

©2016-2025, Ресми сайт "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru