Аудандық семинар практикум
7 .10.2020 жылы Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектебінде технология, музыка пәндерінің «Заманауи білім беру ресурстары әдіс-тәсілдерінің тиімділігін оқушылардың қабілеттерін анықтау мен қалыптастыруға бағыттау» тақырыбында аудандық семинар-практикум болып өтті. Елімізде болып жатқан пандемиялық жағдайға байланысты , аталған семинарға №2, №4, №38, №39, №41, №42 мектептерінің технология және музыка пәндері мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты. Технология пәні мұғалімдері Спатай Әуез Әбдібайұлы, Қалдыбаева Сауле Ускенбаевна, музыка пәнінің мұғалімдері Қыраубаева Индира Каримбаевна , Туйчиева Гулзира Джорабековна өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім ресурстары арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолданудың жолдарын панорамалық сабақтар мен шебер сыныптар арқылы көрсетіп, өз әріптестеріне кәсіби ізденістерімен педагогикалық шеберліктерін шыңдауға үлес қосты. Бүгінгі семинарда «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» екенін әріптестеріміз дәлелдей түсті. Семинарға қатысушылар әріптестеріне жылы лебіздер мен тілектер айтып, семинарға жоғары баға беріп, қорытындылады.