07
апрель
2020
ТЕГІН МАСКА акциясы
№43 Б.Момышулы атындағы орта мектебінің "Жас Ұлан" оқушылар ұйымының белсенді оқушылары "ЭКО бригада" құрып 7.04.2020 жылы ерікті түрде елімізде болып жатқан жағдайға байланысты өздерінің шексіз қайырымды да мейірімді, шынайы ниеттерімен қалашық тұрғындарына ТЕГІН бетперде таратып талай жандардың ыстық ықыласы мен ризашылығына бөленді. Жас та болса аты жаман індетпен күреске өз үлесін қосқан балғын "Жас Ұлан" мүшелеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Каронавируспен бірге күресіп, деніміздің саулығы үшін барынша аянбайық, себебі денсаулығы сау азаматтар еліміздің басты байлығы!
https://youtu.be/dxY1bgiHlZs
https://youtu.be/dxY1bgiHlZs