05
март
2020
Ана-өмір шуағы
8-наурыз Халықаралық әйелер күніне орай мектебімізде аяулы ұстаздарға, қамқор аналарға, ақ жаулықты апаларға, көрікті де келбетті қыздарға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Әр үйдің қуанышы аналарға арналып ән шырқалды, би биленді, құттықтау сөздер айтылды. Қонақтарымызға әрқашан шаттық пен қуанышқа бөленіп жүрсін деген ниетпен оқушыларымыздың өз қолдарымен жасалған гүл шоқтары табыс етілді.




