09
октябрь
2025
АБДУЛЛИНА ГУЛЬБАНУ МАГРУПХАНОВНА
Білімі жоғары, педагогикалық еңбек өтілі – 37 жыл, оның ішінде директор ретінде еңбек өтілі – 1 жыл. 1989 жылы Алматы қаласы "Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық институтында" филология факультетінде қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі мамандығын оқып бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Гвардейск қалашығында орналасқан №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде бастаған. 2000 жылдан директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап мектеп директоры лауазымдық қызметін атқаруда. Осы аралықтарда атқарған қызметінің еңбегі еленіп төмендегідей марапаттарға ие болды: 2016 жылы Білім және Ғылым Министрі Е.Сағадиевтен көп жылдық еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін марапатталды;
Жамбыл облысы білім саласындағы бақылау департаменті 2016-2017 оқу жылында жүргізілген мемлекеттік бақылау іс-шарасына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды;
2017-2018 оқу жылына арналған "Қазақстанның үшінші жаңғыруы - білімінің үлесі" тақырыбында аудандық Тамыз кеңесінің отырысында мазмұнды баяндамасы мен кәсіби шеберлігі үшін марапатталды;
2019 жылы Тұңғыш Президент елбасы қоры сыйлығының иегері Martebe.kz білім порталы жас мамандарының біліктілігін арттырып педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Жас маман" байқауына ұжым қызметкерлерінің жоғары қатысуын ұйымдастырғаны үшін "Қазақстан ұстазы" төсбелгісімен марапатталды;
Әскери бағдарлау ардагерлер одағы қоғамдық бірлестігінің Қазақстан патриоты медальімен марапатталды;
2019 жылы білім беру ұйымдарының жас директорлары арасында өткізілген облыстық «Үздік жас директор» байқауының «ЖАҢАШЫЛ ДИРЕКТОР» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломымен марапатталд