Іс-шаралар » СШ №43 им. Б.Момышұлы
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№43 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
"Қашықтықтан оқыту: педагогтерге РАХМЕТ" ЧЕЛЛЕНДЖІ
22
апрель
2020
"Қашықтықтан оқыту: педагогтерге РАХМЕТ" ЧЕЛЛЕНДЖІ
Ұлттық Білім Академиясының "Қашықтықтан оқыту: педагогтерге РАХМЕТ" челленджін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №43 Б. Момышұлы атындағы орта мектебіміздің оқушылары мен ата-аналары қабыл алды. https://youtu.be/61Rulzr69go  https://youtu.be/VL_VmpopN_E
ТЕГІН МАСКА акциясы
07
апрель
2020
ТЕГІН МАСКА акциясы
№43 Б.Момышулы атындағы орта мектебінің "Жас Ұлан" оқушылар ұйымының белсенді оқушылары "ЭКО бригада" құрып 7.04.2020 жылы ерікті түрде   елімізде болып жатқан жағдайға байланысты өздерінің шексіз қайырымды да мейірімді, шынайы ниеттерімен  қалашық тұрғындарына  ТЕГІН бетперде  таратып талай жандардың ыстық ықыласы мен ризашылығына бөленді. Жас та болса аты жаман індетпен күреске өз үлесін қосқан балғын "Жас Ұлан" мүшелеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Каронавируспен бірге күресіп, деніміздің
"CHALLENGE Үйде бол"
03
апрель
2020
"CHALLENGE Үйде бол"
Мектебіміз карантин уақытында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың 3-5 сәуір аралығында #Біз біргеміз хештегімен 1-2 минуттық "Үйде бол" атты челлендж түсіруді ұйымдастырды. Видеоролик түсіруге мектеп оқушыларымыз белсене қатысты. Роликтер терең идеямен және қызықты түсірілді. https://youtu.be/azwFdCIaW0E  https://youtu.be/lNs3_xaK6yg  https://youtu.be/uDqxiD3W_Lc  https://youtu.be/_y3jSFbJsh4  https://youtu.be/0paOR31NzoM 
Қашықтықтан білім берудегі оқу процесін ұйымдастыру бойынша  ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
02
апрель
2020
Қашықтықтан білім берудегі оқу процесін ұйымдастыру бойынша
Мектеп мұғалімдеріне Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің №123 бұйрығын негізге ала отырып қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР ұйымдастырылды. Пандемия кезіндегі сақтық шараларын ескере отырып ұйымдастыру жұмысы онлайн жиналыс арқылы өткізілді. 
Қашықтықтан білім беру негізінде сынама сабақтары өткізілді
01
апрель
2020
Қашықтықтан білім беру негізінде сынама сабақтары өткізілді
Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қашықтықтан білім беру негізінде мектебімізде 2020 жылы 1 сәуірде 0-9 сыныптар үшін 9:00-де, 10-11 сыныптар үшін 14:00-де сынама сабақтары өткізілді. Сынама сабаққа қамтылған оқушылар саны - 1196. 1153 оқушы сабақты WhatsApp желісі арқылы өтсе, 43 оқушы Telegram желісі арқылы оқыды.
Ана-өмір шуағы
05
март
2020
Ана-өмір шуағы
8-наурыз Халықаралық әйелер күніне орай мектебімізде аяулы ұстаздарға, қамқор аналарға, ақ жаулықты апаларға, көрікті де келбетті қыздарға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Әр үйдің қуанышы аналарға арналып ән шырқалды, би биленді, құттықтау сөздер айтылды. Қонақтарымызға әрқашан шаттық пен қуанышқа бөленіп жүрсін деген ниетпен оқушыларымыздың өз қолдарымен жасалған гүл шоқтары табыс етілді. 
Мектеп аруы-2020
03
март
2020
Мектеп аруы-2020
Мектебімізде наурыз айының 3 жұлдызында Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге  бағыт- бағдар беруге, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға  себепші болуға баулу мақсатында "Мектеп аруы-2020" атты 4 сынып және 9-10 сыныптарының көрікті қыздары арасында қыз сыны байқауы болып өтті. 
Алғыс жүректен шығады
29
февраль
2020
Алғыс жүректен шығады
"Алғыс айту" күніне орай мектебіміздің 7 "Б" сынып оқушылары "Алғыс жүректен шығады" атты қамқорлық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты балаларды еңбек етуге тәрбиелеу және көмекке мұқтаж жандарға қолдан келгенше көмек беру. Акция барысында 7 "Б" сынып оқушылары "Ұлан" мешітінің айналасын тазалауға ат салысты. Мешіт молдасы оқушыларға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.
"Ауған-от жалыны"
20
февраль
2020
"Ауған-от жалыны"
Мектебімізде ақпан айының 20 жұлдызында "Ауған соғысы ардагерлеріне" арналған "Ауған - от жалыны атты" іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауған және тәжік соғысының ардагерлері шақырылды. Іс-шара барысында  ардагерлерімізбен бірге мектеп оқушылары мемориалды тақтаға гүл-шоқтарын қойды.  7-8 сыныптар арасында қонақтарымызға арналған ашық сынып сағаттары өткізілді, сабақ соңында мектебіміздің акт залында іс-шара көрініс, ән-би, әсерлі әңгімемен жалғастырылды. Оқушылар Ауған соғысы жайлы  ардагер
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
13
декабрь
2019
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектеп 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған біраз іс-шаралар өткізді. 3-11 сынып жетекшілері Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізсе, мектеп кітапханашысы «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» тақырыбында мектеп кітапханасында  көрме ұйымдастырды, сондай-ақ 6-10 сынып оқушылары «Тәуелсіздік  тұғыры биік болсын!» тақырыбында эссе жазды, және де ҚР Тәуелсіздік күніне арналған   9-11 сыныптар